Құрметті Іле ауданының тұрғындары! - егер Сіздің балаңыздың құқықтары бұзылса; - егер Сіздің балаңыз өмірдің қиын жағдайына тап болса; - егер бала еңбегін заңсыз қолданса, эксплуатацияға тартылса; - егер Сізге отбасында балаға зорлық көрсетсен фактілерді білсеңіз; - егер Сіз мектепке бармайтын, оқымайтын, қайыр тілеп, қараусыз қалған балалар туралы мәлімет білсеңіз, Іле ауданының білім бөлімінің «сенім телефонына»  хабарласыңыз. Тел: 8/72752/2-04-68, 2-12-93, 2-15-05.
 
 
Сәлеметсіздер ме, құрметті Интернет желісін пайдаланушылар!
 
Іле ауданының тұрғындарымен, яғни алғашқы ақпарат көздерімен тікелей байланыс жасасуға, пікір алмасу мен түрлі жағдайлар бойынша ақылдасуға, нақтылы ақпаратты алуға мүмкіндік туғызуы үшін құрылған жеке ресми блогыма қош келдіңіздер. Интернет кеңістіктегі ашық пікір алмасу барлығымыз үшін тиімді болары сөзсіз. Дамыту мәселелері толғандыратын, өміріміздегі оң өзгерістерге ұмтылатын барлықтарыңызды блогтың оқырманы болуға шақырамын.
 
Іле ауданының әкімі Медеуов Қ.Ө.
 
 
 
ӘКІМНІҢ ЖЕКЕ БЛОГІ           ӘКІМНІҢ ЕСЕБІ           СҰРАҚ ҚОЮ
 
 
ДЕНІ САУ ҰРПАҚ – ҰЛТ БОЛАШАҒЫ
 

«Денсаулық – зор байлық» деп халық айтқандай, дені сау ұлт табысты болашақтың кепілі. Елбасының 2018 жылғы 10 қаңтар күнгі «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Қазақстан халқына Жолдауы денсаулық саласын да дамытуға бағытталған. Мемлекетіміз жаңа заманға сай болу үшін Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы тарихи өрлеу бастауында тұрған біртұтас ұлт болуымыз керектігі басты мақсатымыз екені белгіленіп отыр.

Жолдаудың жетінші бағытында адами капитал – жаңғыру негізі жайлы айтылған. Онда үздік денсаулық сақтау ісі, дені сау ұлт, қазіргі кезде халықтың өмір сүру ұзақтығының өсуіне, медициналық технологиялардың дамуына байланысты медициналық қызмет көрсетуге деген сұраныс та арта түсуде. Осыған байланысты бүгінгі күнгі өзекті, маңызды мәселелер Жолдауда орынды қамтылғандығы медицина саласы өкілдерін қуантып отыр.

Толығырақ / Орналасқан мерзімі: 22.01.2018
 
ТУҒАН ЖЕРГЕ ТУЫҢДЫ ТІК!
 

Боралдай кенттік округінің «Боралдай  минералды су» сауықтыру кешенінде Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласынан туындайтын «Туған жер» бағдарламасын іске асыру мақсатында «Туған жерге туыңды тік» тақырыбында аудандық интегралды-тәжірибелік форумы өтті.

Форумға ауылдық, кенттік округ әкімдерінің спорт және туризм саласына жауапты орынбасарлары, мамандар, спорт әдіскерлері, қоғамдық кеңес жетекшілері, этномәдени ұйым жетекшілері, аудан мектептерінің мұғалімдері, жастар жетекшілері, барлығы – 87 адам қатысты.

Бағдарлама бойынша форум қатысушыларына, қонақтарға арналған Боралдай кенттік округінің «Боралдай минералды су» демалыс кешеніне ақпараттық-экскурсиялық тур өткізілді және «Туған жерге туыңды тік!» тақырыбындағы танымдық стенділер, буклеттер, қолөнер көрмесін тамашалады.

Толығырақ / Орналасқан мерзімі: 19.01.2018
 
АДАМ КАПИТАЛЫ – БІЛІММЕН ӨЛШЕНЕДІ
 

«Төртеу түгел болса, төбедегі келеді» деп ата-бабамыз айтып өткендей, шебер саясаткерлігімен, көсемдігімен әлемге танылған Елбасымыз Қазақстан халқына Жолдаған «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктерін» басшылыққа алып, жеті қазынаның бірі ит жылындағы мақсат-міндеттерімізді айқындап көрсетіп өтті.

Өткен жылғы Жолдауында Елбасы әлемді дағдарыс қоршап жатқанда дағдарыстан жаңару мен дамуға жол таба біліп, «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласын жариялады. Биылғы Жолдауында тығырыққа тірелмеуде, ең біріншіден, өнеркәсіпті индустрияландыруды дамытуға бағыт-бағдар берді. Ол үшін экономиканы дамыту, капиталды қорландыру, халықаралық қарым-қатынас және халықтар арасындағы татулық пен ынтымақтастықты берік ұстауға көңіл бөлді. Осы арада біздің еңселі Қазақстан бәсекеге қабілетті елу елдің қатарына 2020 жылы енуі керек екендігін айтты. Ол үшін Президент 10 бағытты айқындап көрсетті.

Толығырақ / Орналасқан мерзімі: 17.01.2018
 
ТАРИХИ ӨРЛЕУ БАСТАУЫ
 
          2018 жылғы 10 қаңтар күні Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаевтың «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Қазақстан халқына Жолдауын жариялады. 2017 жылы еліміздің 3-ші жаңғыруы болса, биылғы 2018 жылы –  мемлекетіміз жаңа заманға сай болу үшін Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы тарихи өрлеу бастауында тұрған біртұтас ұлт болуымыз керектігі басты мақсатымыз екені белгіленіп отыр. Бұл Жолдауда қарқынды даму, тарихи өрлеу жолындағы еліміздің 10 басым бағыттары нақты айқындалып, оның жүзеге асырылуы  кезек күттірмес маңызды екені айтылды. Жолдаудың жетінші бағытында – адами капитал-жаңғыру негізі жайлы айтылған. Онда білім берудің жаңа сапасы, латын әліпбиіне көшу мәселесі, цифрлык білім беру ресурстарын дамыту, үздік денсаулық сақтау ісі және дені сау ұлт бойынша атқарылар міндеттер, сапалы жұмыспен қамту және әлеуметтік қамсыздандырудың әділетті жүйесі жайлы маңызды мәселелер көтеріліп отыр.
Толығырақ / Орналасқан мерзімі: 15.01.2018
 
ЖАС СПОРТШЫЛАР ЖЕҢІСПЕН ОРАЛДЫ

ҚР ҚК ӘҚК Әуе шабуылына қарсы қорғаныс әскерлерінің басқармасымен қамқорлыққа алынған Жетіген ауылының Каратэ-до Шотокан Ұлттық федерациясының «Сёгун» (жапон тілінен генерал бас қолбасшы) – атты әскери-спорттық клубының спортшылары Шымкент қаласында өткен Каратэ-до Шотокан Қазақстан Республикасының Кубогына қатысты. Аталған жарыс 2017 жылдың 18-24 желтоқсан аралығында өтті. Осы аралықта Каратэ-до Ресей Федерациясы құрамының аға бапкері, төртінші данды қара белдік иегері Элдарушев Исламутдин Русланович семинар жүргізді. Өткізілген семинарға «Сёгун» клубының және де мемлекетіміздің басқа да аймақтарынан келген жас спортшыларымыз жеке бас спорттық тәжірибелерін арттырып, жетік меңгеріп, сертификаттарға иеленді.

Толығырақ / Орналасқан мерзімі: 12.01.2018
 
АБЫЗ АҚСАҚАЛ, АҢЫЗ АДАМ

Ел еңсесін көтерер, тәуелсіздігімізді тұғырлы етер, саяси мәні бар жұмыстарға атойлап кеп белсене араласып, хан базардың бел ортасында жүретін, таудан түспей, қайта заңғар биікке қарай құлаш сермейтін дана қарттар, ақылман абыздар ілуде біреу болса, сорының бірі де, бірегейі – Нұрмұханбет Қасымұлы Қасымов! Іле ауданының Әли ауылында туып-өсіп, 14 жасынан еңбекке араласып, соқа айдап, жер жыртып, егін егумен айналысқан Нұрмұханбет ағамыздың мал шаруашылығы саласындағы өмірлік тәжірибесі де бір дастанға арқау боларлықтай дүние. Туған ауылына туын тігіп, кіндік қаны тамған қасиетті жердің ыстығына күйіп, суығына тоңып, еңбегімен құрметтің төріне көтеріліп, 90 атты заңғар биікті бағындырған абыз ақсақалдың аудан үшін аңыз адам екендігі сөзсіз.

Толығырақ / Орналасқан мерзімі: 12.01.2018
 
САРЫТАУҚҰМ ДҮР ЖЫРЫМЕН ДҮРЛІКТІРГЕН
 
          Ауданымыздағы «Сарытауқұм» ән--би ансамблі – жер жәннаты Жетісу мәдениетінің тарихының бір бөлшегі десек артық айтпаймыз. Іле ауданындағы көптеген аға буын өнерпаздарының өмірбаянын қарайтын болсақ, өнер әлеміндегі жолдары «Сартауқұм» ән-би ансамблінің құрамына қабылданғаннан кейін ашыла бастағанын байқауға болады. Әлбетте, бір сахнада эстрадалық орындаушылар да, бишілер де, сонымен бірге ерекше жанр әртістері де өнер көрсеткен жалғыз құрамның облыс көлемінде теңдесі жоқ. Сонау 1980 жылдардың басында құрылған «Сартауқұм» ән-би ансамблінің атағы сол кездері аудан көлемінде ғана емес, облысқа таралған атағын әлі қорғап келеді. Өзінің қырық жылға жуық шығармашылық жолында ән-би ансамблі өзінің репертуарын халықтық музыкамен және заманауи эстрадалық ән-би жобаларымен толықтыра отырып, үнемі өсу үстіндегі үлкен шығармашылық жолдан сәтті өтуде.
Толығырақ / Орналасқан мерзімі: 08.01.2018
 
ЕГЕМЕН ЕЛДІҢ АЛҒАШҚЫ ҚАРЛЫҒАШЫ
 

Өзіміздің тарихымызда қағазға түсіп қатталмаған, алайда Ұлы дала дәстүріне негізделген басты қағидаларымыз болғанын жақсы білеміз. Азаттық алу бағытындағы алғашқы құжат – Қазақ КСР-нің Мемлекеттік егемендігі туралы декларациясы. Ол 1990 жылғы 25 қазанда қабылданды.

Декларация мемлекеттік билік органдарының құрылымы мен құзыретін айқындап берді. Осы тәуелсіздіктің алғашқы жылдары елімізде қордаланған мәселелер жеткілікті болатын. Қол жеткізген жетістіктерімізге сүйінушілермен қатар, күйінушілер де жоқ емес еді.

Олардың қатарында «Қазақстан көп ұзамай әлеуметтік катаклизмге ұшырайды», «Қазақ халқы этносаралық дау-жанжалдардың ошағына айналады» деп болжаған «сәуегейлер» де болды. Иә, рас, елімізде мұндай сценарийлердің өрбуі әбден мүмкін еді. Бұған негіз болатын бірнеше ықтимал факторлардың болғанын жоққа шығара алмаймыз.

Толығырақ / Орналасқан мерзімі: 05.01.2018
 
КӨРШІНІҢ ТАТУЛЫҒЫ ҚОҒАМНЫҢ ТАТУЛЫҒЫ

Ардагерлер ұйымының қатысуымен және аудан әкімінің қолдауымен «Ата-баба дәстүрі ұрпаққа аманат» бағдарламасы аясында «Жарасымды көршілер – сенімді әріптестер» атты біздің ауданда 13 қазанда бастауын алып, барлық округтерде өткізіліп, міне бүгін Өтеген батыр кентінде қорытындыланып отыр.

Көршімен сыйластық елінің сыйластығын білдіреді. Бүгінгі жиында жас ұрпағымызды қазақ ұлтына тән имандылық, үлкенге құрмет, кішіге ізет білдіруге, әдептілікке үйрету, туған өлке оның байлығы мекендейтін әр ұлттармен бірлікте, ынтымақтастықта өмір сүру мақсатында өткізілді. Жақсы көрші бола білу көңілдің әрін, тіршіліктің нәрін, өмірдің сәнін келтіріп, адамзатқа шуақты сезім ұялатады.

Толығырақ / Орналасқан мерзімі: 04.01.2018
 
АҚШИГЕ КӨГІЛДІР ОТЫН КЕЛДІ

«Елу жылда ел жаңа, қырық жылда қазан» демекші, Тәуелсіздік күні қарсаңында  Ақши ауылының халқына керемет сый жасалды. Көгілдір отынның арқасында көмір азабынан құтылған ауыл тұрғындарының қуанышы ерекше. Талай жыл ауыл тұрғындары үшін арман болып келген көгілдір отын бүгін пайдалануға берілді Кейбір ақшилік тұрғындар өз көздеріне өзі сенбей жатқанын ашық айтылып жатты. Мерекелік жиында сөз алған Алматы облысы әкімінің орынбасары Айдарбек Байжанов:

– Алдымен сіздерді ата-бабамыз армандап кеткен бүгінгі Елбасымыз бастаған, халқы оны қостаған Тәуелсіздік күнімен шын жүректен құттықтаймын, – деді өз сөзінде. – Бүгінде Ақши ауылының әлеуметтік мәселелері толыққа жуық шешілді деуге болады.

Толығырақ / Орналасқан мерзімі: 03.01.2018
 
ЖАҢА ЖЫЛЫМ, САЛИҚАЛЫМ АРДАҚТЫМ
 

Құрметті Іле ауданының тұрғындары мен қонақтары!

Баршамыздың шаңырағымыз үшін ең қуанышты және сүйікті мереке – бір-бірімізге, туған-туысқандарымызға бақыт пен амандық тілейтін Жаңа жыл мерекесіне де санаулы күндер қалды.

Жаңа жыл – жаңа үміттер, ең ардақты армандар мерекесі және де өткенге көз салып, өтер жылды қорытындылайтын уақыт.

2017 жыл айтулы даталармен ерекшеленді, Елбасымыздың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласын іске асыру жолында үлкен істер атқардық, ұлттық құндылықтарымызды қайта жаңғырттық. Еліміз көптен күткен ЭКСПО-2017 Халықаралық көрмесін барша халық болып жоғары деңгейде өткіздік. Өткен жыл аудан үшін де табысты болды. Боралдай кентінде жасыл экономика бойынша өзін-өзі күн сәулесімен қатамасыз ететін Қазпочта торабы ашылды.  Сондай-ақ, ауданымызда 5 орта мектеп салынып халық игілігіне берілсе, екі орта мектептің құрылысы аяқталуға жақын тұр.

Толығырақ / Орналасқан мерзімі: 29.12.2017
 
ЖАСЫЛ ШЫРША ЖАН ҚУАНТАР МЕРЕКЕМ

26 желтоқсан күні Алматы қаласындағы Ғ.Мүсірепов атындағы Қазақ Мемлекеттік Академиялық балалар мен жасөспірімдер театрында аудан әкімінің жасыл шырша мерекесі аталып өтті. Оған аудан әкімі Қ.Медеуовтың өзі қатысып, мерекелік театрландырылған «Жаңа жылдық оқиғалар» қойылымын балалармен бірге тамашалады. 

Арнайы ұйымдастырылған мерекелік шараға жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, тұрмысы төмен, әлеуметтік аз қамтамасыз етілген, көп балалы отбасы балалары, мүмкіндігі шектеулі бүлдіршіндер және білім, өнер, спортта жетістіктерге қол жеткізген талантты да дарынды оқушылардан барлығы 350 бала қатыстырылды.

Толығырақ / Орналасқан мерзімі: 28.12.2017
 
ЖАСТАРҒА ТИІМДІ ЖОБА
 

Қазіргі таңда жаһандық жасампаз мемлекетімізде жастардың белсенділігі мен ынтасын арттыру мақсатында көп-теген бағдарламалар ойластырылып, іске асырылуда. Соның бірі ретінде жаңадан бастау алған Халықаралық қайта құру және даму банкі мен ҚР Білім және ғылым министрлігінің бірлесіп қолға алған «Жастар корпусын дамыту» жобасын айтуға болады.

Жоба – өз әлеуетін, өмірлік маңызы бар дағдыларын және жетекшілік қадір-қасиетін дамытуға, бастамашылық идеялар мен жобаларды іске асыруға ниеті бар бозбалалар мен бойжеткендерге, яғни, жастарға арналған.

Жобаның мақсаты – жастарды қоғамдық өмірге тарту және қоғамдық пайдалы қызмет дағдыларына оқыту бағдарламасы арқылы сыни ойлау, эмоциялық интеллект, адамдарды басқару, шығармашылық ізденіс тәсілдеріне баулу, өмірлік маңызы бар дағдыларды дамыту.

Толығырақ / Орналасқан мерзімі: 27.12.2017
 
БҮЛДІРШІНДЕРДІ ЖАҢА ӘЛЕМ ШАҚЫРАДЫ
 

Елбасымыз 2020 жылға қарай барлық мектеп жасына дейінгі балалар балабақшамен қамтылуы тиіс деген болатын. Соған сәйкес кәсіпкерлеріміз де жекеменшік балабақша ашып, өз үлестерін қосып келеді.

Игілікті істі ауданда бірінші болып жеке меншік балакбақша ашқандар қазір істерін дөңгелетіп отыр. Енді солардың қатарына Ащыбұлақ ауылдық округіндегі Руслан Исмайлов салған 130 орындықты жекеменшік «Мир малышей» балабақшасы да қосылды.

Ол өз қаражатымен балабақша ғимаратын салып, жуырда пайдалануға берді. Балғындар үйі екі топқа арналған. М. Түймебаев ауылында, Тәуелсіздік көшесіндегі 142 үйде орналасқан орталықта 2-4 жас аралығындағы 30 бала тәрбиеленуде. Бүлдіршіндерге күніне бес мезгіл тамақ беріледі. Арнайы ойын алаңдары бар.

Толығырақ / Орналасқан мерзімі: 25.12.2017
 
БАЙСЕРКЕ - БЕРЕКЕЛІ МЕКЕН

Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласы аясында аудандық ардагерлер ұйымы өкілдерінің Байсерке ауылындағы №28 мектеп-гимназиясында «Жарасымды көршілер – сенімді әріптестер» атты аудандық акциясын өткізді. Он округті аралаған берекелі акция  Байсерке ауылдық округі әкім аппараты мамандарымен округтегі ауылдық Ардагерлер кеңесі, Қоғамдық кеңес, әйелдер кеңесінің ұйымдастыруымен өтті.

Байсеркелік абыз ақсақалдар акцияның басында-ақ округтерден келген қонақтарды шашу шашып қарсы алды. №28 мектеп-гимназиясының ұзын дәлізінде Жаңадәуір, Жаңаталап, Ынтымақ, Қоянқұс, Әли және Байсерке ауылының қолөнершілері мен әншілері,

Толығырақ / Орналасқан мерзімі: 22.12.2017
 
ЕЛ ІШІ АЛТЫН БЕСІК
 

Ащыбұлақ ауылдық округі, Көкқайнар ауылының тұрғыны Оксана Парфенова үлкен қуанышқа кенеліп, баспаналы болды. Бұған дейін 4 баласымен үйі өртеніп, бала-шағасымен қара суықта далада қалған еді. Қиналып жүрген анаға округ тұрғыны белгілі кәсіпкер Нелли Салиханова  отбасымен кеңесе отырып, қайырымдылық жасап, үй салып берді.
 «Көп түкірсе, көл болар» деген халқымыздың даналық сөзін басшылыққа алған Нелли Утеповнаның бұл ісіне қай жағынан алса да үлгі етуге тұрарлық дейді қайырымдылыққа шынайы разылығын білдірген ел қариялары.
«Алажаздай үйсіз-күйсіз қалған 4 балалы Оксанаға өзі жұмыс жасап жүрген «Анжелла» шаруа қожалығының иесі Нелли Салиханова отбасымен бірге жұдырықтай жұмылып, басына баспана салып берді. Әрине, бұл барша адамға үлгі болатын сауапқа толы, жан-дүниеңе рахат сыйлайтын жақсы іс болды», -  дейді округ әкімі Серік Күзембаев.

Толығырақ / Орналасқан мерзімі: 20.12.2017
 
ТӘУЕЛСІЗДІГІМІЗ ТҰҒЫРЛЫ БОЛСЫН!
 

Қадірлі Іле тұрғындары!

Сіздерді Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күнімен шын жүректен құттықтаймын!

Әр ұлт, әр халық үшін тәуелсіздіктен артық қасиетті де қымбат ештеңе жоқ. Осыдан 26 жыл бұрын тарихи таңдау жасап, мемлекеттік тәуелсіздігін жариялаған Қазақстан Республикасы бүгінде беделі биік, құқықтық, дербес демократиялық мемлекет ретінде әлемге танымал. Ынтымақты ұран, татулықты ту еткен бейбіт халқымыздың осынау табысы, еліміздің қарқынды дамуы тұрақты саясат пен ішкі бірліктің арқасы, мемлекетіміздің Тұңғыш Президенті Н.Ә.Назарбаевтың сарабдал саясатының жемісі.

Осы уақыт аралығында Тәуелсіз Отанымыздың айбыны мен мақтанышына айналған Астана тағы бір мәрте халықаралық үлкен бәсекеде өзінің беделін айшықтады. Бұл талайдан топ жарып «EXPO-2017» халықаралық жетістіктер көрмесін сәтті өткізді.

Толығырақ / Орналасқан мерзімі: 15.12.2017
 
РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ: бүгіні мен келешегі
 

Қазақстан Республикасының Президенті Н. Назарбаевтың 2017 жылғы 12 сәуірдегі «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласын іске асырудағы «Рухани жаңғыру» қоғамдық сананы жаңғырту бағдарламасын жүзеге асыру бойынша Іле ауданы әкімінің 2017 жылғы 22 маусым, №44-ө н/қ өкімі бойынша аудандық комиссия құрамы, жобалар жөніндегі жұмыс топтарының құрамы, кеңес құрамы, сарапшылар кеңесінің құрамы мен жұмыс жоспары бекітілді. Комиссия құрамы – 31 адамнан тұрады. Құрамында аудан әкімі аппараты, ауыл, кент әкімдері, мекеме басшылары, жастар ұйымы, БАҚ өкілдері, саяси партиялар мен этномәдени бірлестік жетекшілері тартылды.

Ағымдағы жылдың 24 сәуірінен бастап, жылдың соңына дейін аудан әкімдігімен іс-шаралар жоспарының жүйелі кестесі құрылып, бекітілді.

Аудан әкімінің орынбасарының төрағалығымен айына 2 рет комиссия мүшелерінің отырыстары өткізіліп, бүгінгі күні барлығы 20 отырыс өткізіліп, хаттамалары толтырылды.

Толығырақ / Орналасқан мерзімі: 15.12.2017
 
ТАТУЛЫҚ ПЕН БІРЛІКТІҢ БАСТАУЫ
 

Алты қанат киіз үйдің іші қазақи дәстүрге сай шебер жабдықталған. Керегеге өте талғампаздықпен ілінген түс киіз, кілем, бұрыштағы кебеже, сандық, едендегі алаша, сырмақ көздің жауын алғандай. Үйдің іші абыр-сабыр. Әулеттің атасы Сәбит ақсақал (Сәбит Панжазов мен Сақыш апа (Сақыш Қорабаева) балаларымен бүгінгі келетін қонақты қарсы алудың жайын сөйлесіп отыр.

– Шырақтарым, жаңа шыққан жастардың отауына құтты болсын айтып келу бұрынғыдан қалған дәстүр, – деп бастады өзінің әңгімесін Сәбит ақсақал, көршілер-ден ұят болмасын, дұрыстап күтіп алайық. Кемпір, Шынар (Ш.Сапарғалиева) келін екеуің дастархан мәзірін ұқыптаңдар. Біз мал союды ыңғайластырайық. Соның арасында есіктес отырған көршілердің келіндері де көмекке келе қалды. Бірі дастарханды реттесе, енді бірі күбі пісіп қымыз дайындауда. Біреулері ыстық бауырсақты тегенеге салып алып кірді. Көп ұзамай бір топ адам «құтты болсын» айтып, шашуларын есіктен төрге дейін шашып кіріп келді.

Толығырақ / Орналасқан мерзімі: 13.12.2017
 
АУЫЛҒА АУЫЗ СУ ТАРТЫЛДЫ

Ауданымызда халықты ауыз сумен қамтамасыз ету бағытында «Өңірлерді дамыту – 2020» бағдарламасын жүзеге асыру бағытында жүйелі түрде жұмыстар жүргізілуде.

1 желтоқсан Тұңғыш Президент күніне орай ауданымыздың төрт елді мекенінде жаңа су ұңғымасы пайдалануға берілді. Соның бірі КазЦИК ауылы жаңа құрылыс аумағында ашылды. Шараға аудан әкімінің орынбасары С. Ерекешев пен КазЦИК округінің әкімі А. Жасымбеков қатысты.

Салтанатты ашылу барысында сөз алған аудан әкімінің орынбасары С.Ерекешев «Құрметті КазЦИК ауылының тұрғындары, сіздерді 1 желтоқсан Тұңғыш Президент күнімен құттықтаймын!

Толығырақ / Орналасқан мерзімі: 11.12.2017
 
АУЫЛҒА ЖАҢА ЕСІМ БЕРІЛДІ

Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласы аясына Алматы облыстық ардагерлер ұйымының бастамасымен өтіп жатқан «Жарасымды көршілер –   сенімді әріптестер» акциясы №40 орта мектепте Боралдай кенті әкім аппараты мамандары  мен ардагерлер ұйымының ұйымдастыруымен өтті.

Боралдайлық ақсақалдар акциясының басын жаңа құрылыс елді мекеніне «Жайнақ» есімін беруден бастады. Боралдай кентінің «Жаңақұрылыс» ықшамауданына 1865 жылдары болыс болған, Боралдай және қазіргі Комсомол селосы өңіріне 30-ға жуық алғашқы қазақ отбасыларын Қордай өңірінен көшіріп әкеліп, қоныстандырған Жайнақ Қараталов аты беріліп, аудандық Ардагерлер кеңесі төрағасы Ә. Исаев, қазақтың біртуар ...

Толығырақ / Орналасқан мерзімі: 08.12.2017
 
АВИАЦИЯ КАДЕТІ АШЫЛДЫ
        Жетіген ауылындағы №11 жалпы білім беру мектебінің базасында жаңадан құрылған «Жас қыран» атты әскери кадет сыныптарының ант қабылдау салтанатты кеші өтті. Кадет сыныбы аудан көлемінде екінші окрукте ашу қолға алынып отыр. Кадет ашудағы басты мақсат – жастарды отаншылдыққа баулу, әскери өмірге мектеп қабырғасынан бастап үйрету. Әлеуметтік, патриоттық тәрбие мен, интеллектуалдық, рухани, моральдық және физикалық дамуы процесінде оқушылардың белсенді азаматтық ұстанымдарын қалыптастыру, Отанын қорғауға, сүюге баулу. Әрине, оған арнайы іріктеуден өткен оқушылар қабылданады. Сыныпты оқу-құралдарымен жабдықтап, дәріс өту үшін арнайы мамандармен қамтамасыз етілген.
Толығырақ / Орналасқан мерзімі: 07.12.2017
 
ЖЕТІГЕНДЕ ЖАС ЖАУЫНГЕРЛЕР АНТ БЕРДІ
 

Жетіген гарнизонында ҚР Тұңғыш Президенті күні қарсаңында №20709 әскери бөлімінде «Күз – 2017» маусымы бойынша әскери борышын өтеуге шақырылған, Республикамыздың әр өңірінен іріктеліп алынған сарбаздардың салтанатты ант беру рәсімі өтті.

«Сіздер бүгін ҚР Тұңғыш Президенті күні қарсаңында өмірлеріңізде үлкен қадам басып отырсыздар. Ел алдында, жұрт алдында ант қабылдап жатсыздар. Бүгінгі күн ерекше есте қалатын тарихи күн боп қалады. Сіздер бүгін ер деген, ел қорғаушы деген атаққа ие болып жатырсыздар. Халық алдында ата-ана сенімін адал, қызметтеріңізді мінсіз орындайды деп сенемін. Дүниежүзілік жағдайдың күрделі екендігін білесіздер. Лаңкестердің әрекеттері кесірінен халық тыныштығы бұзылып жатыр. Алған жолдарыңыздан таймай, аспан көгін ашық ұстап, қызметтеріңізді адал атқарарсыздар деп сенемін», – деді ҚР ҚК Әуе қорғаныс күштері бас қолбасшысының орынбасары генерал-майор Қайрат Садыков.

Толығырақ / Орналасқан мерзімі: 04.12.2017
 
СЫНДАРЛЫ САЯСАТТЫҢ САРДАРЫ
 

Құрметті Іле ауданы тұрғындары және қонақтары!      

Сіздерді мемлекеттік мереке – 1 желтоқсан, Қазақстан Республикасының Бірінші Президенті күнімен шын жүректен құттықтаймын! Дәл осы күні 1 желтоқсанда Қазақстан республикасының Бірінші Президенті сайланды, мемлекетіміздің дамуы мен өсуіне әсер еткен, Қазақстан Республикасының президенттік институты құрылды.

Елбасымыздың жігері мен орасан зор қуаты қоғам консалидациясы мен азаматтардың жақсы өмір сүруіне бағытталды. Нұрсұлтан Әбішұлының жетекшілігімен іске асырылып жатқан жақсы ойластырылған және елдің әлеуметтік-экономикалық дамуына сауатты құрылған жоспарлар мен нақты бағдарламаларын жүзеге асыру, Қазақстан игілігіне жемісін әкеліп жатыр, республикада да, шет елде де бағалануда.

Толығырақ / Орналасқан мерзімі: 04.12.2017
 
АСТАНА – ТАТУЛЫҚ ПЕН БІРЛІКТІҢ ОРДАСЫ!
 

Жер бетінде елінің тәуелсіздігін, халқының бостандығын ойламайтын жұрт жоқ шығар. Бұл тәуелсіздік – біз үшін басқа қонған бақ, астына тиген тақ. Бақты бағалаған халықты бастайтын тақ иесі де болуы тиіс. Бұл – ежелден келе жатқан өмір заңы. Осыған байланысты ата тарихты ақтарсақ, ежелден ел басқарған ержүрек батыр бабаларымызды, ұлы хандарды кездестіруге болады. Күллі қазақ халқын өз туының астына жинап, үш жүздің басын қосқан Абылай ханды, елінің азаттығы үшін аянбай қан мен тер төккен Кенесарыны айтсақ та жеткілікті болар. Осы Ұлылардың жалғасы ретінде Қазақ халқының Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назербаевты айтар едік.

Тәуелсіздіктің алғашқы жетістігі – халқымыз өз таңдауымен Ел Президентін сайлады. Ресейдің байтақ бір өлкесін билеп, халқының құрметіне бөленіп отырған қандасымыз Аман Төлеевтің айтқаны да айрықша көңіл бөлерлік.

Толығырақ / Орналасқан мерзімі: 30.11.2017
 
ЖЕТКЕН ЖЕТІСТІКТЕРІМІЗ ЖЕТЕРЛІК
 

Өткен аптада, ауыл шаруашылығы саласының қызметкерлері өздерінің төл мерекелерін атап өтті. Егінін еккен диқаншылар, мал шаруашылығымен айналысқан малшылар биылғы жылғы өнім көңіл толарлық болғанын қуана айтты. Ал енді, жыл қорытындысы туралы ауыл шаруашылығының жеткен жетістіктеріне кеңінен тоқталайық.

Ауыл шаруашылығы еңбеккерлерінің жұмылып жұмыс істеуінің арқасында ауыл шаруашылығының жалпы өнімі 2016 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда артық. Ал, ауыл шаруашылық дақылдарының егістік көлемі 588 гектарға өсіп, 68825 гектарды құрады, оның ішінде: масақты дәнді дақылдар 21450 гектар, күздік бидай 5000 гектар, күздік арпа 1800 га, жаздық арпа 8150 га, дәнді жүгері 6500 га, майлы дақылдар: күнбағыс 280 га, майбұршақ 2500 га, мақсары 12040 га, картоп 1627 га, көкөністер  4450 га, бақша дақылдары 820 га, 2600 га сүрлем жүгері көлеміне егілді. Мал азығына 16858 га еркек шөп және 6200 га жоңышқа өсірілді.

Толығырақ / Орналасқан мерзімі: 29.11.2017
 
ЕКІ ЕЛДІҢ ЕСКЕРЕРІ КӨП
      Өткен аптада Қырғыз республикасынан ауданымызға арнайы делегация келді. Делегацияны аудан әкімінің орынбасары Нұрлан Құматаев пен аудандық мәслихат хатшысы Роза Абилова қарсы алды.
       Құрамында аудандық депутаттар мен шаруа қожалықтарының өкілдері мен ауыл әкімдері бар 20-дан астам қырғызстандықтар өңірдегі аудан, ауыл әкімдігінің жұмысымен танысып, кооперативтерді құру бойынша тәжірибе алмасуды мақсат етіп қойған екен..
       Кездесу барысында ауданы мен Қырғыз еліндегі ауыл аймақ арасындағы саяси өзара іс-қимылды тереңдету, қарым-қатынас пен ынтымақтастықты дамыту, мәдени қатынасты күшейту, сондай-ақ аудандық бюджеттің төртінші деңгейін игеру бойынша тәжірибе алмасу сияқты маңызды мәселелер қозғалды.
Толығырақ / Орналасқан мерзімі: 27.11.2017
 
КӨКПАРДЫҢ ҚАШАНДА ОРНЫ БӨЛЕК
          Ұлттық ат спорты әсіресе көкпар тарту Іле тұрғындары арасында кеңінен қанат жаюда. Жақында Ащыбұлақ ауылдық округінде округ әкімдігі мен жергілікті қауымдастық кеңесінің төраға-лары Рүстем Бақтыбаев пен Тайыр Маханов ағаларымыздың ұйымдастыруымен көкпар тартыс ұлттық ойыны өтті. Оған жақын маңдағы КазЦИК, Междуреченск, Қараой, Байсерке ауылдарының білекті жігіттері келіп өзара күш сынасты. Бір ерекшелігі, бұл көкпарда алдымен ұлттық ойынымыз қыз қуумен және тай мінген жас балаларға арнайы лақ сойылып, лақ тартыс өткізілді.
Ұйымдастурышылардың айтуынша, рухани жаңғыруды өскелең ұрпаққа ұлттық дәстүрді үйретуден басталады.
Толығырақ / Орналасқан мерзімі: 24.11.2017
 
ЕҢ ҮЗДІК АУЫЛДЫҚ МӘДЕНИЕТ ҮЙІ
          Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласының жүзеге асыру мақсатында ауданымызда Алматы облысының аудан, қала мәдениет күндері аясында Междуреченск ауылдық Мәдениет үйінде «Ауылым Ақсай жағасында» атты ауылдық Мәдениет үйлері арасында облыстық «Ауылым – алтын бесігім» атты байқау өткізілді. Байқауға Алматы облысының мәдениет, мұрағаттар және құжаматтама басқармасынан Ғұмаров Төлеужан Нүсіпжанұлы, Халық шығармашылық орталығы директорының орынбасары Сәбитова Айгүл Ташболатқызы мен режиссер Нұрмұхамбетов Асқар Қалиұлы Мәдениет үйінің құжаттарымен танысып, ішкі-сыртқы тазалығын көріп, ауыл өнерпаздарының концертін тамашалады. Концерттік бағдарлама 10 номерден тұрды.
Толығырақ / Орналасқан мерзімі: 23.11.2017
 
ӨРІСТІ ӨРЕЛІ ЕЛ
 

Ұлан-байтақ кең даланы алып жатқан еліміздің жан-жағы көгілдір, күрең ала таулар қоршаған жерде туып өскен Елбасымның мұраты – биік, арманы – асқақ. Қазір әлем таныған ел болып отырғанымыз елін сүйген Елбасының арқасы десек, қателеспейміз. Қазақ халқының тарихи Отаны, сонау түп аталарымыздың мәңгілік бесігі, ұрпағымыздың ұлы ордасы Қазақстанды, Қазақ елін әлем халқы тәуелсіздік алғаннан кейін ғана таныды.
Тәуелсіз Қазақстанның іргесін қалап, шекарасын шегелеп, болашаққа бағыт-бағдар беруде Тұңғыш Президенттің халық алдындағы еңбегі ұшан-теңіз.
Сәл тарихқа шегініс жасар болсақ, 1991 жылғы 1 желтоқсанда алғаш рет жалпыхалықтық сайлау өтіп, егемен Қазақстанның негізін салушы – Нұрсұлтан Назарбаев тұңғыш рет Президент болып сайланды. Бұл жаңа мемлекет қалыптасуының өтпелі кезеңінде сенімді басшыға өз тағдырын тапсырған Қазақстан халқының жауапты таңдауы еді.

Толығырақ / Орналасқан мерзімі: 22.11.2017
 
АҚСАҚАЛДАР ҚАРАОЙДА ТОҚЫМ ҚАҚТЫ
          «Уақыт керуеніне бөгет жоқ» деп қазақ халқы бекер айтпаған. Ауданымызда Алматы облысы ақсақалдар ұйымының Елбасымыздың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласы негізінде «Ата-баба дәстүрі ұрпаққа аманат» бағдарламасы аясында  басталған «Жарасымды көршілер – сенімді әріптестер» атты акциясын Қараой ауылында «Ұмытпайық бабалар өсиетін, жаңғыртайық дәстүрдің қасиетін» тақырыбында өтті. 
         Бұл жерде он округтен келген Ақсақалдар кеңесі мен жергілікті қауымдастық мүшелері келіп көрермен болып, өз бағасын берді. Іс-шарада сөз алған аудандық Ақсақалдар кеңесі төрағасының орынбасары Ж.Серьянов: «Музыка, әсем әндер арқылы халықтың жан-дүниесін, ұлттық ерекшеліктерін байқауға болады.
Толығырақ / Орналасқан мерзімі: 20.11.2017
 
ҚОС АУЫЛДЫҢ ҚАЗЫНАЛЫ ТОЙЫ
 

«Күн санап өзгеріп жатқан дүбірлі дүниеде сана-сезім мен дүниетанымға әбден сіңіп қалған қағидалардан арылмасақ, көш басындағы елдермен тереземізді теңеп, иық түйістіру мүмкін емес» – деп, Елбасы өзінің «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласында қазіргі кезеңдегі әлемдік жаһандану жағдайында заман ағымына икемделуді, жаңа дәуірдің озық үлгілерін бойымызға сіңіруді, ұлттық кодымызды сақтауды міндеттеді. Міне, осы мақсатта Елбасының елең еткізген мақаласының аясында облыстық ардагерлер қоғамының «Ата-баба дәстүрі ұрпаққа аманат» атты бастамасымен жергілікті округтердегі ақсақалдар кеңесі және қоғамдастық мүшелері арасында «Жарасымды көршілер – сенімді әріптестер» атты акциясы басталған еді. Ащыбұлақ ауылдық округінен бастау алған аталмыш акция  КазЦИК, Чапай ауылдарында жоғары деңгейде өтті.

Айта кетейік, әр округтің өзіне тиесілі әртүрлі тақырыптары бар. Мысалы, КазЦИК ауылындағы №42 орта мектепте өткен акцияның тақырыбы: «Үлкенге ұлағат, кішіге ізет» деп аталады.

Толығырақ / Орналасқан мерзімі: 17.11.2017
 
АЗАМАТТАРҒА АРНАЛҒАН ҮКІМЕТТЕ ХҚКО ҚЫЗМЕТІН ЖЕТІЛДІРУ МӘСЕЛЕЛЕРІ БОЙЫНША КЕҢЕС ӨТКІЗІЛДІ
 

2017 жылғы 7 қарашада халыққа қызмет көрсету жұмысын жетілдіру мәселелері бойынша Ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен Абаев пен «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕ АҚ Басқармасының төрағасы Абылайхан Оспановтың қатысуымен жұмыс кеңесі өтті.

БАҚ қатысқан іс-шарада ХҚКО арқылы мемлекеттік қызмет көрсетудегі өзекті мәселелер талқыланды. Кеңес аяқталғаннан кейін брифинг өтіп, сұрақтар қойылды.  

Жұмыс кеңесі кезінде мемкорпорацияның жоспары туралы да айтылды. Ақпарат және коммуникациялар министрлігімен бірігіп жасалған сервиске сәйкес, қызмет алушының рұқсаты расталған жағдайда мемлекеттік органдар мен жеке ұйымдарға «электронды үкімет» арқылы анықтама беру қызметін іске қосу жоспарлануда. Бұл қызмет түрі ХҚКО қызметкерлерінің қатысуынсыз өтеді. Азамат жеке мәліметтерін беру-бермеу жөнінде шешімді өзі қабылдап, SMS-хабарлама арқылы жауап береді.

Толығырақ / Орналасқан мерзімі: 16.11.2017
 
ҚОҒАМДЫҚ ҚАБЫЛДАУДА КӨМЕК КӨРСЕТІЛДІ
          «Нұр Отан» партиясы Іле аудандық филиалының қоғамдық қабылдау бөлмесінде кестеге сәйкес аудандық Ішкі істер басқармасының басшысы Т.Нұрғожанов қабылдау өткізді. Басқарма басшысының қабылдауына жеке мәселелері бойынша жазылған азаматтардың негізгі мәселелері азаматтық алу жағынан қиындықтар болса, Өтеген батыр кенті, «Қуат» ықшам ауданының тұрғыны А.Смағулова атты азаматша өзінің жалғыз басты ана екендігін және баласының не себепті істі болып қайта сотталып кеткендігін білмейтіндігін алға тартып, толық түсініктеме беруді, сонымен қатар өзінің денсаулығына байланысты жұмыс істемейтіндігін, жеке жалдамалы пәтерде тұратындығын, мүлде жалғыз қалғандығын, үйінде отын-судың да жоқтығын айтып көмек сұрады.
Толығырақ / Орналасқан мерзімі: 15.11.2017
 
БИІК ТАЛАПТЫ ОРЫНДАУ МІНДЕТІМІЗ

Қараой ауылы, Мәдениет үйінде «Нұр Отан» партиясы «Қараой» БПҰ жиналысы өтті. Жиналысқа «Нұр Отан» партиясы Іле аудандық партия филиалы төрағасының бірінші орынбасары Е. Тұрымбетов, Қараой ауылдық округінің әкімі Д.Казербаев, бастауыш партия ұйымының төрағасы В. Поротиков, партия топтарының жетекшілері, партия белсенділері, аудандық мәслихаттың депутаттары, шағын және орта кәсіпкерлік, шаруа қожалықтары өкілдері, ақсақалдар алқасы мен қоғамдық кеңес мүшелері, білім, денсаулық сақтау саласының қызметкерлері, жастар қатысты.

Күн тәртібінде «Қараой» БПҰ-ның 2017 жылғы 10 ай ішінде атқарған жұмысы жайлы «Қараой» БПҰ төрағасы В. Поротиковтың есебі тыңдалып, «Қараой» БПҰ-ы бюросының құрамын сайлау туралы мәселесі қаралды.

Толығырақ / Орналасқан мерзімі: 13.11.2017
 
РУХТЫ ЖАСТАР ТЕРРОРИЗМГЕ ҚАРСЫ

         Энергетикалық ауылдық округі әкім аппаратының ұйымдастыруымен 2017 жылдың 25 қазан күні сағат 10.00-де Өтеген батыр кентіндегі №38 мектеп-гимназиясының мәжіліс залында ҚР Президенті Н.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласы аясында «Рухани жаңғыру – біз рухты жастар терроризмге қарсымыз» атты округтік КТК Жайдарман сайысы өтті. КТК Жайдарман сайысына Алматы колледжі «Абайдың балалары» көңілді тапқырлар командасы, Мұқағали Мақатаев атындағы №13 орта мектептің «КНБ» құрама командасы, Экономика және құқық колледжі «КЭПтің ерке қыздары» көңілді тапқырлар командасы қатысты.

Толығырақ / Орналасқан мерзімі: 10.11.2017
 
УАҚЫТЫНДА ҚОЛҒА АЛЫНҒАН БАҒЫТ

         Қазан айындағы шуақты күрең күздің берекелі күнінде Байсерке ауылдық округіндегі ақсақалдар кеңесінің төрағасы, қоғам қайраткері, ауданымыздың «Құрметті азаматы» Құрманғали Кенжеқұловтың ұйымдастыруымен Байсерке ауылдық округіндегі «Бәйге төбеде» Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласында айтылған ұлттық құндылықтарды насихаттау бағытында ұлттық спортымыз көкпар тартылды. Көкпарға Байсерке ауылынан сайдың тасындай 30-ға жуық көкпаршы жігіттер қатысты.
       Округте өткен шараға аудан тұрғындары ғана емес, көршілес аудандардан арнайы барғандар да куә болды. Құрманғали ағамыз ұйымдастыру жайлы былай деген еді:

Толығырақ / Орналасқан мерзімі: 08.11.2017
 
УАҚЫТЫНДА ҚОЛҒА АЛЫНҒАН БАҒЫТ

         Энергетик ауылдық округінің әкімі Садыр Закиржановтың ұйымдастыруымен «Қуат» ықшам ауданындағы №24 лицейінде Ел Президенті Н.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласы аясында «Латын қарпіне көшу – болашақ таңдауы» атты кездесу кеші ұйымдастырылды.
Оған «Президент және халық» газетінің бас редакторы, қоғам қайраткері Марат Тоқашбаев, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, «Парасат» орденінің, «Құрмет» белгісінің иегері, тіл жанашыры Асылы Осман Әлиқызы, Қазақстан Республикасы мәдениет қайраткері, Іле ауданының «Құрметті азаматы» Төрткен Кененқызы, «Жетісу» газетінің журналисі, ақын Мақпал Мыса қатысты.

Толығырақ / Орналасқан мерзімі: 06.11.2017
 
АҚШИДЕ АЙҚАСҚА ТҮСТІ

         Күрті ауылдық округі, Ақши ауылында жалынан ұстатпайтын жалған дүниеде күйбең тірліктің шырмауына түспей, парасат биігінде өмір сүрген журналист Сәдуақас Бигелдіұлы атында облыс көлемінде бокстан жасөспірімдер арасында турнир өтті. турнирге 180 жас қолғап әуесқойлары қатысты.
Еске алуға арналған облыстық турнирге Сидней Олимпиадасының чемпионы Е.Ибраимов арнайы келіп қатысты. Сондай-ақ, кәсіпқой бокста атой салып жүрген қаршадай қызымыз ақшилік Б. Мұздиман, аудандық спорт бөлімінің бас маманы Ж.Қабдыкаримов, аудандық мәслихат депутаты Ғ. Дауталиев, Джиу-джитсудан Азия чемпионы Н.Орынбасаров қатысты.

Толығырақ / Орналасқан мерзімі: 03.11.2017
 
ПРОБАЦИЯ – ОЛ ТАҒЫ БІР МҮМКІНДІК
 

Аудандық прокуратура және аудандық ІІД-нің түзету жүйесінің пробация бөлімі шартты түрде жазасын өтеушілер арасында шахмат, шашки, мини-футбол, белтемірде тартылу, кір тас көтеру бойынша спорттық жарыс өткізді. Жарыста жеңген командаға арнайы марапат қағаздар мен сыйлықтар берілді.

Айта кетейік, Елбасымыз Н. Назарбаев Қазақстан Республикасындағы бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған және пробация қызметінде есепте тұрған азаматтарды әлеуметтік оңалтудың 2017–2019 жылдарға арналған кешенді стратегиясын бекіткеннен кейін  қылмыстық-атқару жүйесіне пробация қызметін енгізді.

Аталмыш жаңалықтың Қазақстанда заңды түрде бекігеніне де бір жыл ғана. Дегенмен әлемдік тәжірибеде кеңінен қолданылатын бұл қызмет шетелдерде бірнеше бағыттан тұратын үлкен жүйеге айналған. Жалпылай айтсақ, бұл қызметтің мақсаты – шартты түрде бас бостандығынан айырылған азаматтарға әлеуметтік-құқықтық қызмет көрсету. Еліміздегі қылмыстық саясат тұжырымдамасының негізгі бағыттарының бірі – істі болған жандарды бас бостандығынан айырмай жазаға тарту болса, пробация осы бағытқа дәл келеді.

Толығырақ / Орналасқан мерзімі: 01.11.2017
 
КЕРУЕННІҢ КЕЛЕЛІ ІСТЕРІ

         Қыркүйек айының басында Елбасы Н. Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласы аясында тұңғыш рет Алматы облыстық дін істері басқармасының ұйымдастыруымен «Рухани керуен» жобасы бастау алған болатын. Міне, сол игіліктің иірімі болған «Рухани керуен – 2017» киелі Іле жеріне де атбасын тіреді. «Рухани керуен» жобасының басы-қасында облысымыздың «Алматы облысының дін істері басқармасы» мемлекеттік мекемесінің басшысы Р. Есдәулетов, Алматы облысы өкіл имамы Қ.Наржанов, облыстық «Жетісу» телеарнаның тілшісі Ж. Жұмахметов, «Ұлы мұра» қорының директоры, дінтанушы, заңгер Р. Нүсіпханов бастаған зиялы қауым өкілдері ауданымыздың тыныс-тіршілігімен танысты. Ұлттық кодымыздың айқындайтын тәмсілдерін жеткізді.

Толығырақ / Орналасқан мерзімі: 30.10.2017
 
КӨРШІЛЕР ТАТУЛЫҒЫ - ҚОҒАМНЫҢ БЕРІКТІГІ
 

        Барлығымыз өзіміздің күнделікті өмірімізде көршімізбен жоқ дегенде бір рет амандасып, қал-жағдай сұрасып, қарым-қатынас жасаймыз. Қазақта «Көршің қолайлы болса, қораң кең» деген нақыл тегін айтылмаса керек. Өйткені, көршіңе көп жағдайда үйіңді, қора-жайыңды сеніп тапсырасың. Қуанышың болса туыстан бұрын көршің естиді. Қиын жағдай бола қалса, көршің бірінші болып келіп, қолұшын береді, қыруар жұмысың бітпей жатса көмектеседі. Сондықтан болар, қазақ халқы баяғы заманнан-ақ көршімен берік қарым-қатынас орнатып, айрықша сыйласа білген. «Жақсы көрші тапқаның, мол олжаға батқаның», – деген сөз содан айтылған болар сірә.
Дей тұрғанмен соңғы жылдары көршімен аралас-құраластың  азайып бара жатқандығын да мойындағанымыз дұрыс. Тіршіліктің қамы ма, жоқ әлде адамдар дүниенің артынан кетті ме, кім білсін, көршілер арасында бұрынғыдай тығыз қарым-қатынас жоқ.

Толығырақ / Орналасқан мерзімі: 27.10.2017
 
ТУҒАН ЖЕРДІ СҮЮ – ҰЛТ ЖАНДЫЛЫҚТЫҢ КЕПІЛІ
 

        Қазақ «Отан – отбасынан басталады» дейді. Отанды сүюдің іргетасы алдымен туған жерге деген сүйіспеншілікпен қаланады. Сондықтан мемлекет басшысы ұсынып отырған «Туған жер» бағдарламасын көп болып қолдауымыз керек.
Латын әліпбиіне көшу – Мәңгілік Елдің рухани жаңғыруының басы болса, «Туған жер» бағдарламасы жаңа ғасырдағы әлемдік, өңірлік, ішкі-сыртқы тәуекелдерге қарсы тұра алатын отаншылдық тәрбиенің, ұлтжандылықтың кепілі болмақ.
Патриотизмнің ең жақсы үлгісі мектепте туған жердің тарихын оқудан көрініс тапса, туған жеріне, еліне аянбай еңбек еткен қоғам қайраткерлерін, еңбек ерлерін қолдап, құрмет көрсету біздің парызымыз. Осыған орай көрнекті қоғам қайраткері, еңбек және Ұлы Отан соғысының ардагері, Алматы облысының, Іле, Ұйғыр, Талғар аудандарының «Құрметті азаматы», дара тұлға Заманбек Батталхановтың өмірін оқушылармен бірге зерттеу жоспарлануда.

Толығырақ / Орналасқан мерзімі: 25.10.2017
 
БАТАЛЫ ЕР – АРЫМАС
 

        «Үлкенге құрмет, кішіге ізет» көрсеткен халқымыз қартын ерекше сыйлай білген. Қарттардың тілегі ел-жұрттың амандығы, ел іргесінің тыныштығы. Қарияның ақ батасын алмай қазақ халқы іс бастамаған, дастарханға қол созбаған. Бұл дәстүр ата-бабамыздан келе жатқан салт.

         Қазіргі кезде біздің мемлекетімізде қарттарға үлкен мән беріп, көңіл аударып, жан-жақты үкімет тарапынан қамқорлық жасалуда. Қазақстанның өсіп-өркендеуіне, еліміздің бейбітшілік тыныш өмір кешуіне өз үлестерін қосқан осы ардақты да аяулы қарттарымыздың арқасы деп есептейміз.

         «Қартын сыйлаған елдің қазынасы мол» деген ұлағатты сөзді жанына берік ұстаған Чапай ауылының әкімі Жұмабаев Бауыржан Ақжолұлы қарттар күнін ерекше атап өтті. Қазанның 4 күні №10 орта мектебінде қарияларға арнап дастархан жайылды. Қарттарымыз ән айтып, би билеп көңіл көтерді.

Толығырақ / Орналасқан мерзімі: 23.10.2017
 
АҚЫНДАРЫН ДАРА ТҰТҚАН

         Боралдай кентіндегі №39 мектеп-гимназиясының акт залында «Өнерім – өмірімнің белгісі» тақырыбында округтегі жергілікті ақын, әнші бойларында тұнып тұрған талантты жастарды көпшілікке насихаттап, еңбектерімен кеңінен таныстыратын кездесу кеші өтті. Кеш қонақтары ретінде аға буын өкілі ақын Б. Жанділдә, орта буын өкілі тарих пәнінің мұғалімі, ақын Г. Қалыбайқызы, кіші буын өкілі 4 сынып оқушысы, күміс көмей әнші Қ.Дүйсенбай шақырылды. Осылайша №39 мектеп-гимназиясының директоры Г.Несіпбайқызы мен мектеп ұжымы бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығара отырып, үш буын өкілінің басын қосып керемет кеш ұйымдастырды. Аталмыш іс-шара Елбасымыз Н.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында ұйымдастырылды.

Толығырақ / Орналасқан мерзімі: 20.10.2017
 
ҰЛТТЫҚ ЖАЗУ ТАҢБАСЫ КЕРЕК
 

      Чапай ауылындағы №45 орта мектепте идеологиялық қоғамның ішкі қажеттілігінен, уақыттың сұранысынан, заманның талабынан туындап отырған Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласы аясында ауданымыздың мекеме басшыларымен ауыл тұрғындарының кездесуі өтті. Оған аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы С.Жарқынбеков, Чапай ауылдық округінің әкімі Б.Жұмабаев, Ауған соғысы ардагері А.Сейітұлы, Алматы облыстық «Тіл» оқу-әдістемелік орталығының, Іле аудандық филиалының директоры Б.Қаршалова, аудандық орталық кітапхана директоры М.Жәбиева, «Нұр Отан» партиясы аудандық филиалының мүшелері мен «Фараби Нұр» үкіметтік емес ұйымы қатысты. Кездесу барысында ұйымдастырушылар латын әліпбиіне көшу бастамасы туралы сөз қозғап, оның ұлтымыз, болашақ үшін аса өзекті, әрі қажетті жоба екендігін алға тартты. Орыс тілінің тарихи маңызын сақтап, үштілділікті заман талабына сай меңгерте отырып, латын әліпбиіне кезең-кезеңімен көшуде білім саласына артылар жауапкершілік орасан зор.

Толығырақ / Орналасқан мерзімі: 18.10.2017
 
ЕҢ ҮЗДІК ОТБАСЫ АНЫҚТАЛДЫ

         Ұлттық салт-дәстүрлерді сақтау, отбасы тәжірибесін насихаттау, «Отбасы» құндылығы туралы түсініктерді, отбасы туралы ұғымдарды кеңейту, оны сүйе білуге, отбасы игілігі үшін талмай еңбек етуге үйрету, отбасының қадір-қасиетін ұғынып, бір-біріне деген сүйіспеншілігін аттырып, бағалай білуге ұғындыру мақсатында, 6 қазан күні Чапаев ауылындағы Мәдениет үйінде «Нұр Отан» партиясы аудандық филиалы «Бақытты отбасы – бақытты балалық шақ» партиялық жобасы аясында бастауыш партия ұйымдары арасында аудандық «Ең үздік отбасы» байқауы өткізілді.

Байқауға барлық округтерден 9 отбасы қатысты. Байқауда әділқазылар алқасының төрағасы – аудандық ардагерлер ұйымының төрағасы, аудандық Саяси кеңес Бюросының мүшесі Ә. Исаев әділқазылар алқасының мүшелері: аудандық мәслихаттың хатшысы, .......

Толығырақ / Орналасқан мерзімі: 16.10.2017
 
ІЛЕ АУДАНЫНДА ӨТКЕН АШЫҚ ЕСІК КҮНІ
 

      Алматы облысы Іле ауданының Халыққа қызмет көрсету орталығында «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер саласындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл» тақырыбында ашық өсік күні акциясы өтті.
Аталмыш акция Алматы облысының бірнеше аудандарында Қазақстан Републикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Алматы облысы бойынша департаментімен Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын жузеге асыру бойынша, Агенттік Төрағасымен бекітілген 2017 жылға арналған Кешенді жоспарды орындау мақсатында ұймдастырылып отыр.
Акция барысында Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Алматы бойынша департаментінің бас маманы Сымбат Исрапулова мен департаменттің Ұлттық бюросының Штаб басқарма басшысының орынбасары Аида Жунусбекова аудандық ХҚКО төріне жайғасып, үлестірме материалдарын таратты. 

Толығырақ / Орналасқан мерзімі: 13.10.2017
 
АУЫЗБІРШІЛІГІН ТАНЫТҚАН ҰЙЫМ
       2017 жылдың 27 қыркүйек күні сағат 10.00-14.00 аралығында аудандық партия филиалының мәжіліс залында Іле аудандық «Үздік Бастауыш партия ұйымы» байқауы ұйымдастырылды. Бағалау төмендегі критерийлер бойынша жүргізілді: партиялық жобаларды іске асыруға қатысу; ішкі партиялық жұмыс; партиялық жұмыста жаңа әдістерді пайдалану; азаматтық бастамаларды іске асыру; БПҰ қызметін бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау; жастармен жұмыс; тағы басқа БПҰ-ы төрағалары 1 жылғы жұмыстарын бейне-сюжет, слайд, альбом-портфолио түрінде көрсетіп, өз белсенділіктерін танытты. Байқауға БПҰ-дары партия мүшелері саны бойынша 3 санат бойынша қатысып, 3 топта өз өнерлерін көрсетті. 7 адамнан құрылған әділқазылар алқасы әр топ бойынша БПҰ-ның жұмыстарын бағалап, қорытындысын шығарды.
Толығырақ / Орналасқан мерзімі: 11.10.2017
 

БАРЛЫҚ ЖАҢАЛЫҚТАР